+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

27.11.2019Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігін ұйымдастыру» өңірлік семинарының қорытындысы бойынша ақпарат

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 2019 жылғы жоспарына сәйкес қыркүйек айында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігін ұйымдастыру» тақырыбында Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында өңірлік семинар өткізуді жоспарлаған. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармаларының хаты негізінде семинарды өткізу уақыты өзгертіліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен семинардың өткізу уақытын қыркүйек айынан қараша айына ауыстыру туралы рұқсат алынды.

2019 жылдың қыркүйек айының 18 мен 22 қараша аралығында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының мамандары аталған өңірлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинарға қатысу үшін іс-сапарға жіберілді.

Семинар жұмысына облыстық Білім басқармаларының мамандары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелеріне жетекшілік ететін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты. Барлығы -370 педагог.

Семинардың мақсаты – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігін жүзеге асыру және ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету және педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Семинар басталар алдында Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының мектепке дейінгі білім беру кеңістігінің инновациялық көрмелері ұйымдастырылды. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беруді дамыту» бейнеролигі көрсетілді.

Семинар екі кезеңде өтті: теориялық және практикалық.

Семинардың теориялық бөлімінде ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ директорының м.а. Базарбаева Роза Жолаушиевна, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің аға сарапшылары Бликова Жанар Байдаулетовна мен Мукушева Гүлнара Омарбековна «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігін ұйымдастыру» баяндамасында білім беру үдерісін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерге, вариативті компоненттің апталық оқу жүктемесіне, вариативті бөлім құру кағидаларына, балалармен жұмысты ұйымдастыру түрлеріне тоқталды.

Практикалық бөлімде жоғарыда көрсетілген облыстардың мектепке дейінгі ұйымдары вариативті компоненттің мүмкіндіктерін көрсетті.

Солтүстік Қазақстан облысы, ұйымдастырушыларБілім басқармасының жанындағы әдістемелік жұмыстар мен білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар Орталығы семинарды өткізуде дәстүрлі емес тәсілді көрсетті.Семинар қатысушыларының жалпы саны 120 педагогты құрады.

Облыстың 10 мектепке дейінгі ұйымдары білім беру квестінің интерактивті ойын түрінде Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігін жүзеге асыру бойынша жұмыстарын ұсынды. Команда қатысушылары берілген маршрут бойынша жылжыды және әрбір станцияда, «Ивушка», «Ақ көгершін», «Еркем-ай», «Малыш», «Солнышко», «Ақ бота», «Мирас», «Арман», «Айгөлек» балабақшаларының педагогтары ұсынған вариативтік компонентке байланысты шебер сыныптардың тапсырмалары орындалды:

  • «Майнд-фитнес» вариативі, эмоциялық-интеллектуалды бағыт;
  • «VAY TOY: играю, двигаюсь, учусь» логикалық ойлауды дамыту бағыты бойынша вариатив;
  • «Весёлый язычок» түзету-дамыту бағыты бойынша вариатив;
  • «Happy English», коммуникативтік бағыттағы бойынша вариатив;
  • «Асыл қазына» этнопедагогикалық бағыты бойынша вариатив,;
  • «Юный исследователь» эксперименталды-зерттеу бағыты бойынша вариатив;
  • «Дельфиненок» жүзу мен аквааэробике денсаулықсақтау бағыты бойынша вариатив;
  • «Удивительный мир роботов» жеңіл құрастыру және робототехника, зияткерлік-шығармашылық бағыты бойынша вариатив;
  • «Юные краеведы» вариативі, интеллектуалды-шығармашылық бағыт;
  • «Умный ребенок» интеллектуалды бағыттағы вариатив.

Семинарға қатысушыларға Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының № 34 «Балбұлақ» бөбекжайының шығармашылық тобынан ұсынылды:

  • «Моя модная одежда» тақырыбындағы «Мектепке дейінгі ұйымдарда қыз балалар топтарын ұйымдастыру ерекшеліктері» вариативі;
  • «Логикалық ойындар жиынтығы» тақырыбындағы «Информационная логика» вариативі;
  • «Ежелгі мекендер» тақырыбында «Хочу все знать» вариативі;
  • «Тәрбиеленушілерді дайындау» тақырыбындағы «Жас сарбаздар» вариативі.

Семинар тәжірибелі педагогтардың жақсы диалогтық алаңына айналды және белсенді қатысушы болу мүмкіндігін ұсынды.

Батыс-Қазақстан облысы

Өңірлік семинар жұмысына 50 педагог қатысты.ҮОҚ вариативтік компонентін Орал қ. №34 «Балбұлақ» балабақшасының педагогтері көрсетті:

  • «Моя модная одежда», тәрбиеші А.М.Сагидуллина;
  • «Ақпараттық логика», компьютерлік сауаттылық мұғалімі Туймебаева А. К.;
  • «Бәрін білгім келеді», тәрбиеші Муфтуллина Э. К.;
  • «Жас сарбаздар», дене шынықтыру нұсқаушылары Карел Г.З., Өмірбай А.К.

Педагогтармен жұмыс презентациялар, шебер-сыныптар, коучингтер арқылы жүзеге асырылды:

  • «Вариативті компонентті жүзеге асырудағы тәжірибелік-эксперименталдық іс-әрекет» атты шеберлік сыныбын Орал қаласының №21 «Росинка» бөбекжайының педагогтары Баймолдина А.А., Шаймарданова Р. А. өткізді.
  • «Жас актерлер» мектебі аясында «Балаларды тәрбиелеудегі театрдың рөлі» презентациясы Теректі ауданының «Бәйтерек» бөбекжайының педагогтеры Ж.Ж. Искалиева, А.М. Сапаровамен ұсынылды.

Тасқала ауданының «Бөбек» бөбекжайының педагогы С.Б. Гаппаров қатысушылар арасында ерекше қызығушылық тудырды, ол «Асық ойыны — тәрбиенің мәдени мұрасы» жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылар шебер-сыныптардан пайдалы ақпараттар алғанын, теория мен практиканың «ынтымақтастығын», атмосфералығын, қисындылығын, мазмұндылығын атап өтті.

Жамбыл облысы

Семинар жұмысына 190 педагог қатысты.

Семинар қатысушыларымен жұмыс интерактивті форматтағы шеберлік сыныптары арқылы жүзеге асырылды және оларды Тараз қаласының №39 «Балдәурен», №35 «Ер Төстік», №28 балабақшаларының педагогтері жүргізді. Вариативті компонент келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

  • «Театрдың ойын әлемі» (әдіскер Рамазанова Д.Ш.);
  • «Ойнап отырып үйренеміз» (Бейсенбаева Р)
  • «Логика. Флипчарт ойындар» (Тымбаева Ж.).

Іс-шара форматында педагогтар өздерінің қалай жұмыс істегендерін көрсетіп қана қоймай, проблемаларға назар аударды, нақты жағдайларға тоқталды, вариативті компонентті іске асырудың әртүрлі нұсқаларын ұсынды.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының мамандары жоғарыда көрсетілген 15 мемлекеттік және 3 жеке мектепке дейінгі ұйымдарға барды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда вариативтік бөлікті ұйымдастыру ерекшеліктерін талқылау бойынша пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Талқылау барысында қатысушылар жаңартылған мазмұнға қатысты көптеген сұрақтар қойды: өтпелі тақырыптарды жүзеге асыру, инклюзивті білім беру, әдістемелік сүйемелдеу, педагогтарды аттестаттау және т.б.

Семинар соңында ұсынымдар қабылданды.

Яндекс.Метрика