+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

22.12.2021Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Даланың алып қоңырауы» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған Республикалық Педагогикалық оқуларды өткізу туралы қорытындысы

Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Даланың алып қоңырауы» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған Республикалық Педагогикалық оқулар Балаларды ерте дамыту институтының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қараша айында ұйымдастырылып, өткізілді.

Мақсаты: жұмыс тәжірибесінде үздік педагогикалық идеяларды қолданатын, балалармен жұмыста шығармашылық танытатын креативті және дарынды педагогтерді анықтау.

Педагогикалық оқулар үш кезеңде өткізілді:

1-кезең – аудандық (қалалық);

2-кезең – облыстық;

3-кезең – республикалық.

Конкурстық комиссияның құрамына ұйым басшылары, жоғары білікті педагогтер, Білім басқармаларының мамандары, мектепке дейінгі білім беруге жетекшілік ететін орталықтардың әдіскерлері және т.б. кірді.

Педагогикалық оқулардың республикалық кезеңіне 15 өңірден мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары қатысты. Қостанай және Қарағанды облыстары қатысқан жоқ.

Педагогикалық оқуларға арналған материалдар баяндама, эссе, мақалалар түрінде ұсынылды. Педагогикалық оқуларға қатысушылардың материалдарының арасында жеке жұмыстар да, авторлық ұжым орындаған жұмыстар да болды.

Барлығы 35 жұмыс келіп түсті. Оның ішінде: баяндамалар – 25, эссе – 3, мақалалар – 7 (1-кесте).

1-кесте

Өңірлер

Жұмыс саны

Барлығы

в том числе

баяндама

эссе

мақала

1

Ақмола

2

2

 

 

2

Ақтөбе

2

2

 

 

3

Алматы

1

1

 

 

4

Атыраус

2

2

 

 

5

БҚО

2

2

 

 

6

Жамбыл

2

2

 

 

7

Қарағанды

0

 

 

 

8

Қостанай

0

 

 

 

9

Қызылорда

2

2

 

 

10

Маңғыстау

3

3

 

 

11

Павлодар

3

2

 

1

12

СҚО

2

1

1

 

13

Түркістан

2

2

 

 

14

ШҚО

3

2

 

1

15

Нұр-Сұлтан

3

 

2

1

16

Алматы қ.

5

1

 

4

17

Шымкент

1

1

 

 

 

Жиыны:

35

25

3

7

Педагогикалық оқулар материалдарын бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:

  1. Жұмыстың өзектілігі, Педагогикалық оқулардың басым бағыттарына сәйкестігі.
  2. Идеяның мазмұны.
  3. Идеяның өзектілігін негіздеу, ғылыми тәсілді қолдану.
  4. Идеяны іске асыру.
  5. Материалдың идеяларын жұмыс тәжірибесінде қолдану.
  6. Ұсынылған материалдың қисындылығы мен дәйектілігі.
  7. Практикада іске асырылу деңгейі, нәтижесінің болуы.

Байқау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша жинаққа 35 жұмыстың ішінен Педагогикалық оқулардың басым бағыттарының бірінің тақырыбына сәйкес келетін және ұсынылған тәжірибенің өзектілігі мен жаңалығын көрсететін 24 жұмыстың енгізілетіні анықталды. Сондай-ақ, 7 қатысушы Институттың алғыс хатымен марапатталып, олардың материалдары «Дана бала» республикалық ғылыми-ақпараттық журналының кезекті нөміріне жарияланды:

  • «Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы балалардың адамгершілік-патриоттық сезімдерін қалыптастыру» («Кішкентай мультипликаторлар» жобасы) Кулманова Рабига Нурлаевна, «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қорының Атырау қаласындағы филиалы;
  • «Даланың алып қоңырауы» Жанар Жолмухановна Есимсейтова, Жибек Сериковна Омарова, №95 «Алматы» балабақшасының тәрбиешілері, Нұр-Сұлтан қаласы;
  • «Флористика как средство развития художественно-творческой деятельности детей дошкольного возраста» Зейнегул Елюбаевна Жаксыгарина, «Нұрлы болашақ» балабақшасының тәрбиешісі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Қобда ауылы;
  • «Ы.Алтынсарин & жаңашылдық» Бибинур Тураковна Губайдуллина, №29 «Балауса» бөбекжайының компьютерлік сауаттылыққа үйрету мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы;
  • «GIGO» конструктор – кішкентай инженерлерді тәрбиелейтін болашақ жаңа технология» Инабат Аскаровна Джанадилова, № 7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасының әдіскері, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы;
  • «Эссе: «Лингводидактический потенциал стихов на русском языке, как средство расширения словарного запаса, образного мышления детей дошкольного возраста» Хасенова Айнұр Анатольевна, МКҚК «Колосок» бөбекжайының орыс тілі мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы.

Республикалық кезеңнің жеңімпаздары ҚР БҒМ Балаларды ерте дамыту институтының Педагогикалық оқуларға қатысуын растайтын сертификаттарымен марапатталды.

Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша электрондық форматта жинақ қалыптастырылып, оған қатысушылардың үздік жұмыстары енгізілді. Жинақ www.irrd.kz сайтында және Институттың әлеуметтік желілері беттерінде орналастырылды.

Яндекс.Метрика