+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

27.11.2019Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар кезеңінде мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының балалары үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп басшыларына:  

Балаларды мектепалды даярлыққа  қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және  ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету  мақсатында: 

-қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, тәрбиеленушілер, ата-аналар/балалардың заңды өкілдері) бейнесабақтардың басталу күнін көрсете отырып, мектепалды даярлық балаларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы хабардар болуын; 

— қашықтықтан оқытуды өткізу үшін әр отбасында интернет-ресурстар, (вацап), байланыстың қолжетімді түрлерінің тізімін мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының педагогтерінде қалыптастыруды;  

— сауат ашу (аптасына 2 сағат),  математика (аптасына 2 сағат) және қоршаған ортамен танысу (аптасына 1 сағат) бойынша қашықтықтан оқыту  сабақтарының  кестесін  педагогтердің құрастыруын; 

— өткен материалдарды ескере, педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды, карточкаларды кеңінен қолдана отырып, бір айға қашықтықтан оқыту  (бейнеоқыту) сабақ конспектілерін әзірлеуін; 

— бейнесабақтар орналастырылатын, мектепалды даярлық сыныптарының (топтарының) педагогтері әлеуметтік желілерде (Whatsаpp чаттар, контактіде  және телеграммда) топ құруды; 

— ата-аналармен өзара  қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін, ата-аналар педагогке баланың орындаған тапсырмаларын жіберуі үшін, сондай-ақ сабақ барысында, баланың бейнесабақтарды  қабылдауы туралы және т.б. барлық нақтылайтын сұрақтарды жолдаулары үшін кері байланыс жасауды ұйымдастыру. 

  

 

 Басшылардың орынбасарларына, әдіскерлерге:  

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы) балалардың  меңгеруіне бағытталған қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;  

— мектепалды жасындағы балаларды педагогтермен бірге қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету; 

— педагогтың бейнесабақтарына мониторинг жүргізу және балалармен, ата-аналармен кері байланыс жасау; 

— жұмысты ұйымдастыру туралы қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтердің, тәрбиеленушілердің, білім алушылардың, ата-аналардың/балалардың заңды өкілдерінің) жылдам хабардар болуына ықпал ету; 

-балаларды қашықтықтан оқыту нәтижелері туралы педагогтермен ағымдағы айдың әрбір 10 күнінде  бейнеталқылау өткізу. 

 

Педагогтерге: 

— қашықтықтан оқыту нәтижелерін ескере отырып, үнемі бейнесабақ конспектілеріне түзету жұмыстарын жүргізу; 

 сабақ конспектілерін және   бейнесабақтарды басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, әдіскермен келісу; 

— бекітілген қашықтықтан оқыту  кестесіне сәйкес  бейнесабақтарды өткізу;  

— тәрбиеленушілер мен ата-аналар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жеке консультациялар өткізу; 

— қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларымен нақты кері байланысты қамтамасыз ету; 

-жүргізілген жұмыс және оның нәтижелері туралы әкімшілікті бейнеконференцияда хабардар ету. 

 

  Ата-аналар немесе тәрбиеленушілердің заңды өкілдері: 

 сабақ кестесімен (ҰОҚ), қашықтықтан оқытуды өткізу процесімен танысады; 

— Whatsapp  чаттар, телеграмм  және т. б. арқылы педагогтермен күнделікті байланыста болады; 

 қашықтықтан оқыту үшін балаларға  уақытылы жағдай жасайды, тәрбиеленушіге бақылауды жүзеге асырады; 

— бейнесабақ  (бейнежазба, фото және т.б. ) процесінде  орындалған тапсырмаларды күн сайын педагогке ұсынады. 

Яндекс.Метрика