+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

24.12.2021«Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері» ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі – Қазақстанда сапалы мектепке дейінгі білім алу үшін мүмкіндіктерді айқындайтын тұжырымдамалық құжат» республикалық вебинары туралы ақпарат

Нұр-Сұлтан қ. 30.11.2021 ж.

2021 жылы 30 қарашада «Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2021 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі – Қазақстанда сапалы мектепке дейінгі білім алу үшін мүмкіндіктерді айқындайтын тұжырымдамалық құжат» тақырыбында республикалық вебинар өткізілді.

Вебинар жұмысына облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, әдіскерлері мен педагогтері қатысты. Республиканың 17 өңірінен 7 000-нан астам қатысушы қамтылды.

Вебинарға қатысушылар сертификатталған сарапшылардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалаудың зерттеу қорытындылары бойынша кейбір тұжырымдарымен және ұсыныстарымен танысты.

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері мен әдіскерлеріне мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделінің 26, 45-тармақтарына қосымша түсіндірмелер ұсынылды.

Сарапшылар семинар қатысушыларымен кері байланыс орнатып, барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

Вебинар қорытындысы бойынша келесі ұсынымдарды қабылдады:

мектепке дейінгі ұйым әкімшілігіне:

  • әдіскерлерге педагогикалық үдерісті үнемі бақылап отыру;
  • балалардың қызығушылықтары мен іс-әрекеттерді таңдау үшін қоршаған ортаны жеткілікті және әртүрлі материалдармен байыту;
  • балалардың эмоционалды жайлылығына жағдай жасау, олардың ауызша емес сигналдарына көбірек көңіл бөлу, ұзақ күтуден артық жұмыс жағдайларын болдырмау;
  • балаларды әлеуметтік-эмоционалдық дамыту мәселелері бойынша тәрбиешілер үшін коучингтер (семинарлар, тренингтер) өткізу;
  • ата-аналармен жұмыста тиімді тәжірибені енгізу.

мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне:

  • оқуды балалар тәжірибесімен байланыстыруды үйрену және режим сәттері мен серуендердің білім беру әлеуетін пайдалану;
  • ірі моторикаға арналған жабдықтың қауіпсіздігіне назар аудару;
  • сабақтарды ойын түрінде, шағын топтарда өткізу.

Семинар материалдары институт сайтында http://irrd.kz және әлеуметтік желілер беттерінде жарияланды.

Реализация Модели развития дошкольного воспитания и обучения. Оценка качества дошкольного воспитания и обучения. (Адамова М.Е.) (PDF 794 Kb)

Ойын-баланың негізгі әрекеті және дамытудың негізгі құралы (Ерманова М.Н.) (PDF 422 Kb)

Исследование качества образовательных услуг в ДО (Мукушева Г.О.) (PDF 357 Kb)

Яндекс.Метрика