Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" РММ
Ресми интернет-ресурс
«Ұлттық құндылықтар негізінде мектепке дейінгі білім беру: жаңа тәсілдер, жаңа көзқарас» республикалық семинар-практикумы туралы ақпарат

«Ұлттық құндылықтар негізінде мектепке дейінгі білім беру: жаңа тәсілдер, жаңа көзқарас» республикалық семинар-практикумы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 05 желтоқсанында Абай облысының құзыреттілік орталықтары базасында «Ұлттық құндылықтар негізінде мектепке дейінгі білім беру: жаңа тәсілдер, жаңа көзқарас» атты республикалық семинар-практикум (бұдан әрі- Семинар-практикумы) өткізді.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда заманауи технологияларды жалпыадамзаттық құндылықтармен ұштастыру, тәрбиелеу-білім процесіне енгізу. Балабақшада педагогикалық практика жағдайында студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруда құзыреттілік орталықтары мен мобильді топтары, консультациялық пункттердің тәжірибесімен бөлісу;

- балабақшада педагогикалық практика жағдайында студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Семинар-практикумға Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің, Балаларды ерте дамыту институтының мамандары мен сарапшылары, облыстық білім басқармаларының қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мамандары, әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің әдіскерлері және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтері, ЖОО және ТжКББ оқытушылары және колледж студенттері қатысты. Республикалық семинар-практикумға барлығы 250–ге жуық адам қатысты.

Семинар-практикум жұмысының негізгі бағыттары:

1. «Серіктестік: балабақша, мектеп, колледж»

2. «Ерте жастан кәсіпке баулу»

3. «Реджио педагогика және ұлттық құндылықтар»

4. «Нейропедагогика және ұлттық ойындар»

5. «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу»

Осы бағыттар бойынша Абай облысының құзыреттілік орталықтары базасында педагогтер өз тәжірибелерін ұсынды.

Тәжірибе алаңдарында қатысушылар Семей қаласы білім бөлімінің «№7 «Ақ бота» бөбекжайы» КМҚК, «№8 «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК, «Өрлеу» балабақшасы» ЖШС, «Алтын бесік» балабақша-бөбекжайы» ЖШС, «Аsylym» балабақшасы» ЖШС құзыреттілік орталықтары нәтижелерімен танысты, ойын технологиялары арқылы қатысушылар балабақша мен мектеп, колледж арасында тәжірибе алмасты.

Семинар-практикумда ұлттық құндылықтардың бала дамуына әсері, тәрбиелеу-білім беру процесіне инновациялық технологияларды тиімді енгізу, балаларға экологиялық тәрбие беру, ата-аналар қауымдастығымен ықпалдастықты жетілдіру, ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу, балабақша мен мектеп, балабақша мен колледж серіктестігін арттыру жайында тың идеялар талқыланды.

Педагогикалық колледжде студенттердің цифрлық және жобалық құзыреттерін көрсету, «Біртұтас тәрбие Адал азамат» бағдарламасы бағыты бойынша тәжірибелік жұмыстармен таныстыру мақсатында «STEM лаборатория», «Мектепке дейінгі Hub» форматындағы жобасы ұсынылды және Назипа Құлжанова атындағы кіші-ғылыми зерттеу орталығының жұмысы көрсетілді. Мектепке дейінгі ұйымдардың «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» инновациялық ойындар көрмесінде Семей қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының құзыреттілік орталықтары ойын түрлері әр баланың әлеуетін дамыту және ашу, оның мүдделерін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ерекшеліктер мен қажеттіліктерді толыққанды іске асырудың негізгі құралы негізінде көрсетті. Іс-шара барысында колледж түлектерінің жетістіктері, шағармашылықтарымен танысу мақсатында «Назипа ізбасарлары» көрінісі ұйымдастырылды.

Семинар-практикумның пленарлық бөлімін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің басқармасының басшысы Баймурзаева Динара Конакбаевна, «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директорының орынбасары Мукушева Гульнара Омарбековна, Абай облысы Білім басқармасының басшысы Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы алғы сөзімен ашып, Абай облысы Білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ директоры Исабаева Айнур Сергалиевна, «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы», Абай облысы Білім басқармасының Аягөз қаласы білім бөлімінің «Аягөз қалалық №1 бөбекжай-бақшасы» КМҚК меңгерушісі Жанар Амангелдіқызы Сейтжапарова, «Мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи тәжірибелерді енгізу ерекшеліктері», Абай облысы Білім басқармасының «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КММ директоры Жанаева Шағангүл Алдамжаровна, «Мектепке дейінгі ұйымдарға заманауи тәрбиешілерді даярлау: серіктестік пен сапа мәселелері», Семей қаласының «Erudit» балабақшасының меңгерушісі Оспанова Ғалия Нурахметовна, «Колледж бен балабақша серіктестігі – кәсіби тәрбиеші даярлаудың негізгі шарты», Абай облысы Білім басқармасының «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КММ «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті Сағатова Мадина, «Мен таңдаған мамандық – менің өмірлік миссиям!» туралы баяндамалар жасады.

Семинар кәсіби тәжірибе алмасу, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа тәсілдер мен келешек жұмысты талқылау үшін ашық алаңға айналды. Құзыреттілік орталықтарының жұмысына, мобильді топтардың, консультациялық пункт қызметтеріне, сондай-ақ тәрбиелеу-білім беру процесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект элементтерін енгізуге, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда заманауи технологияларды жалпыадамзаттық құндылықтармен ұштастыру, балабақшада педагогикалық практика жағдайында студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруына ерекше назар аударылды.

Республикалық семинар аясында талқыланған тақырыптардың өзектілігі, баяндамалардың практикалық бағыттылығы және педагогтердің кәсіби өсуіне ықпал ретінде құзыреттілік орталықтарын одан әрі дамыту қажеттілігін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылармен рефлексия өткізілді. «Еркін микрофон» қорытынды бөлімінде қатысушылар семинар-практикумнан алған әсерлерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Өткізілген семинар-практикум материалдары Институттың ресми сайтында http://irrd.kz және әлеуметтік желілерде орналастырылды және қарау үшін қолжетімді.